Аймақтар • 31 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда халықаралық конференция өтті

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірге  ат басын тіреген омбылық ақ халатты абзал жандар солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірігіп, тәжірибе алмасқанды жөн көріпті.

 

Солтүстік Қазақстанда халықаралық конференция өтті

Омбы қаласында «Евромед» заманауи медициналық көпбейінді орталық 2007 жылы құрылған. Ондағы мамандар « Экстракорпоралдық ұрықтандыру", "Жатырішілік инсеминация", "Эко плюс Икси", "Пикси" бағдарламалары бойынша жұмыс істейді.

«Солтүстік Қазақстан тұрғындары біздің мекеменің қызметіне жиі жүгінеді.  Жер шалғайлығына байланысты қатынау оңай емес. Осы себепті көшпелі  конференция ұйымдастыру арқылы  тәжірибе алмасуды, бір-бірімізден үйренуді, болашақ аналарға ақыл-кеңес беруді жөн көрдік»,дейді орталықтың бөлімше меңгерушісі, акушер-гинеколог Наталья Чернова.

Оның ойынша кез келген ана бала көтеруге алдын ала дайындалуы керек. Сонда өмір есігін ашатын сәбидің дені сау болады. Шаңырақ көтерген жас отау иелері перзент сүюді армандайды. Екі күнге созылған алқалы бас қосу барысында жүктілікті 3 ай бұрын жоспарлаудың тиімділігі, жауапты кезеңге  мұқият дайындалу қажеттігі, мұны кей жас аналар біле бермейтіні, әзірлік екі бағытта жүргізілетіні атап көрсетілді. Біріншісі, жүктілікке ағзаның, екіншісі, психологиялық тұрғыдан дайын болуы шарт. Жүктіліктің дұрыс жоспарлануы дені сау бала тууға мүмкіндік береді.

Конференцияғакелген № 2 қалалық емхананың  акушері Татьяна Иращук көптеген жаңашылдықтарға қаныққанын айтады.

«Конференцияға  басынан аяғына дейін мұқият қатыстым.  Өте мазмұнды болды. Ерекшеліктеріміз де бар. Мәселен, біздің хаттамалар Ресейдегі мамандардыкімен салыстырғанда сәл өзгешелеу екен. Жұмысқа барысында қолданатын боламыз», дейді ол.

Солтүстік Қазақстан облысы